Қала мектептері арасында аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 10 сынып оқушыларына арналған танымдық сайыс ұйымдастырылды. Түрлі тапсырмалар орындау барысында №3 Алға қазақ орта мектебінің оқушылары ұпай жағынан басып озып, жеңімпаз атанды. Қалған топтар алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушы "Қызықты грамматика" үйірме жетекшісі Ақылбекова Гаухар Кабиболлаевна және "Сөз өнері" үйірме жетекшісі Өтесова Гүлназ Есжанқызы.